Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынды. ҚР Президенті өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жылы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен бүкіләлемдік көрме өтетіндігін айтты.
«Барлық мемлекеттерді көрмені дайындауға және өткізуге қатысуға шақырамыз. Болашақты ескеріп, «ЭКСПО-2017» көрмесі инфрақұрылымы негізінде Астанадан Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынамын.