Елбасы Астананың 17 жылдығын мерекелеуді ресми түрде жариялайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жыл сайынғы дәстүр бойынша «Атамекен» этно-мемориалды кешен алаңында Мемлекеттік ту көтеру салтанатты шарасына қатысады.

Осы арқылы Астананың 17 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталады. Атап айтқанда, Мемлекеттік күзет қызметі үрмелі аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен Мемлекеттік туды әкеледі. Салтанатты шара аясында ҚР Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік погон табыстайды деп күтілуде.

Яғни, ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскері институтының, ҚР Ұлттық Ұланы әскери институтының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институтының он екі түлегі Елбасының қолынан погон алады. Салтанатты шара барысында патриоттық композициялар мен әскери марш орындалады.