«Конституция - еліміздің Негізгі заңы, мемлекеттің басты құжаты. Ата заңда мемлекеттің қалыптасу бағыттары көрсетілген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары айтылған. Барлық демократиялық нормалар мен әлемдік талаптар қарастырылған. Халықтың өзі қабылдаған бұл Конституция елдің дамуына жол ашты. Елбасы Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды», - деді ол.
Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, Ата заңымыздың арқасында елімізде бірлік пен қоғамдық татулық орнады, экономика мен демократия дамыды. Отандастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптасты.
«Ең бастысы, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылды. Сондықтан да Конституция күні еліміздің ең үлкен мерекелерінің бірі саналады», - деді Ә.Жақсыбеков.