Заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.
10:09, 09 Шілде 2010
Елбасы Ауғанстанның тұрақтылығы жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты ҚР аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.