Елбасы Б.Атамқұловты ОҚО әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
18:23, 08 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Б.Б.Атамқұловты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 8 тамыз
№ 62