Елбасы барлық азаматтарды «Nur Otan» партиясына қосылуға шақырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Елбасы партияластарының алдында қандай міндеттер тұрғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында партия бағдарламаларының орындалу барысымен алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары қаралды. Кеңесті аша отырып Елбасы 20 жылішінде «Nur Otan» елдің қуатты саяси күшіне айналғанын атап өтті.

«Ең қиынкезеңдерде біздің партия бір арнада жұмыс істеу үшін адамдар мен саясаткерлердіұйыстыра білді. Біз бейбітшілік пен этносаралық келісімді, саяси тұрақтылықтысақтап қалдық. Осының арқасында көптеген жетістікке жеттік. Бұл ынтымақ біздіңелімізді «дағдарыс қыспағынан» алып шығып, инвестиция тартуға, мыңдаған жаңакәсіпорын ашуға, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Еңбастысы, Тәуелсіздігімізді сақтап, оны нығайтып алдық, - деді ҚазақстанныңТұңғыш Президенті.


НұрсұлтанНазарбаев жаһандық өзгерістер жағдайында партия алдында жаңа және одан дакүрделі міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Қазақстан,басқа да тез дамып келе жатқан елдер сияқты «Орта табыс тұзағына» тап болды.Бүкіл әлем бойынша орта тап кірістерінің стагнациясы байқалады. Сондай-ақ,теріс жаһандық трендтер де елеулі ықпал ететінін де айта кету керек», - дедіпартия Төрағасы.

Елбасыазаматтардың өсіп келе жатқан сұраныстарына дер кезінде ден қою қажеттігін атапөтті.

«Соныменқатар, қиындықтарға қарамастан, 2050 жылға дейінгі Стратегияда белгіленгенбасты мақсатты - дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді, яғниқазақстандықтардың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру мақсатынұмытпауымыз керек. Бұған қол жеткізу үшін, бірінші кезекте, тұрақтылық, бірлікжәне ең бастысы – барлық қазақстандықтардың еңбекқорлығы қажет. Біздіңәрқайсымызға мұны түсінген абзал. Бұл жолды барлық отыздыққа енген елдер жүріпөткен, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

НұрсұлтанНазарбаев 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағытының мақсаттарына қолжеткізу бағытында партия жұмысының басым бағыттарына тоқталды.

«Бұл үшінбіздің партия, біріншіден, қоғамды біріктіріп, елдің саяси басшылығыныңбірлігін бекемдеуі тиіс. Ішкі бірлік пен келісім бар да – өркендеу де болады.Екіншіден, нақты партиялық сәйкестік пен қатаң тәртіп, атқарушы биліктіңжауапкершілігі қажет», - деді партия Төрағасы.

ЕлбасыМәжіліс пен мәслихаттардағы сайлау науқанына сапалы дайындық жүргізудіңмаңыздылығына тоқталды.

«Алда біздіКонституциялық мерзімде өтетін Мәжілістегі маңызды сайлау күтіп тұр. Өткен жылызаңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес, Мәжілістегі сайлау секілдімәслихаттарда да келесі сайлау алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтеді. Бізжеңіске жетуді және ұзақ мерзімді саяси көшбасшылықты мақсат етіп отырмыз.Сондықтан алдағы сайлау науқанына дайындықты дәл бүгіннен бастау керек, - дедіҚазақстанның Тұңғыш Президенті.


Елбасысондай-ақ барлық азаматтарды мемлекеттің өткір әлеуметтік-экономикалықпроблемаларын шешу үшін партияға қосылуға шақырды.

«Біз өзұсыныстарын бере бастаған белсенді азаматтарды, блогерлерді көріп, естіпотырмыз. Егер олар шын мәнінде біздің еліміздің қамын жесе, біз олардыұсынылған идеяларды жүзеге асыру үшін партиямен бірлесіп жұмыс істеугешақырамыз», - деді партия Төрағасы.

НұрсұлтанНазарбаев ел аймақтарындағы азаматтардың проблемаларын шешуде «Nur Otan»партиясының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

««Nur Otanпартиясының міндеті – тиімді қоғамдық және партиялық бақылау, біздің халыққаберген барлық уәделерді сапалы орындау, «Бес институционалдық реформаны»,партияның 2021 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын, сайланған ПрезидентҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламасын іске асыру. Олардың барлығықазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған», - деді Елбасы.

Соныменқатар, «Nur Otan» партиясының төрағасы Қоғамның партияға сенімін арттырумақсатында ақпараттық-идеологиялық стратегияны қабылдаудың маңыздылығына назараударды.

«Проблемалартуралы ашық айтып, оларды нақты орнында шешілуіне қол жеткізу қажет. Біздіңміндетіміз - қоғамдағы сенім ахуалын қалыптастыру. Ол үшін барлық қоғамдық,саяси күштердің, бизнестің, интеллигенцияның, сарапшылар мен азаматтардыңдиалогы қажет. Барлық қолда бар алаңдарды пайдаланған абзал. Нақтыпроблемаларды шешу үшін мақсатты жұмыс болуы тиіс. Біз азаматтарға болашаққадеген сенім беруге тиіспіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ПартияныңСаяси кеңесі Бюросының отырысы барысында «Nur Otan» партиясының партиялықтізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын Г. Н.Әбдіқалықоваға, Н. Б. Әлімжановқа, Н. Қ. Әшімбетовке және Ж. Қ. Омарбековағаберу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар