Елбасы барша қазақстандықтарды Әз Наурыз мейрамымен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Қазақ елі» монументі алдында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған мәдени шараға қатысып, барша қазақстандықтарды Ұлы мейраммен құттықтады.

«Наурыз күні құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні дегеніміз - мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Ұлыс дегеніміз - Жаңа жыл деген сөз. Күн мен түн теңесіп, көктем басталып, бүкіл адам да, жануарлар да осы кезде тіріліп, табиғатпен бірге оянатын тамаша кез», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің атап өтуінше, жылда тойланатын әз Наурыз осыдан 23 жыл бұрын Қазақ елінің тәуелсіздігімен бірге қайта жаңғырды. «Содан бері бұл мереке елдің бірлігіне, татулығына, тұрақтылығына қызмет етіп келеді. Бұл мереке барлық ұлттар мен ұлыстардың мерекесі», - деді Н. Назарбаев.