ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Вячеслав Вавилин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген барлық бастамалардың өзекті екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында бірқатар проблемалық тақырыптарды көтерді. Әр айтылған мәселе қазіргі уақытта өзекті болып отыр. Осы орайда біз білім беру саласында, мемлекеттік тілді дамыту, коронавирус пандемиясы жағдайында халықты қолдау бойынша жұмысты ары қарай жалғастыруымыз керек», - дейді Вячеслав Вавилин.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев бастамаларының әр бағыты бойынша ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның этносаралық қатынастар моделі басқа елдерге үлгі екендігін айтқан болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.