Ол конституциялық заңдарда көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлу мәселелерін қамтиды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық белгіленген жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.