«Шейх Сұлтан тарихта биік тұлға ретінде із қалдырды, Біріккен Араб Әмірліктерінің қалыптасып, гүлденуіне сүбелі үлес қосты. Оның жарқын бейнесі Халқыңыздың жадында мәңгі сақталарына сенімдімін», - делінген Елбасының ресми сайтында жарияланған жеделхатта.
13:22, 19 Қараша 2019
Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа бен Заид Әл-Нахаянға ағасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.