Ақорданың баспасөз қызметі хабарлауынша, Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен;
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы қызметінен;
Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.