Елбасы: Біз кедей емес, бай адамдар өмір сүретін мемлекет қалыптастырып жатырмыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз кедей емес, бай адамдар өмір сүретін мемлекет қалыптастырып жатырмыз. Бүгін «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Сөз арасында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде жаңа функционалдық бағыт қолдау тапқанын жеткізді. «Біріншіден, бұл - қайырымдылық. Қайырымдылық туралы жаңа заңда ҚХА-ның бас үйлестіруші ретіндегі қызметі бекітілген. Біздің тарихымызда алғаш рет меценаттар мен донорлардың, қайырымдылық ұйымдарының съезі болып өтті. Бұны жалғастыруымыз керек, өйткені біздің көптеген ізгі азаматтарымыз қайырымдылық қорларына қаражат аударып жүр», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Президент «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» акциясы аясында былтырғы жылы 400 мың қазақстандыққа қайырымдылық көмек берілгенін атап өтті. Балалар үйінің 7800 тәрбиеленушісі үшін 5 млн. теңгеге шот ашылған.

«Бұл ендігі күні Ассамблеяның жұмысына айналып отыр», - деді Н. Назарбаев.