«Үкімет пен Кәсіпкерлер палатасының жүргізіп жатқан бүкіл жұмысы Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу» рейтингісі бойынша бағаланады», - деді Н.Назарбаев.
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бизнесті жүргізу» рейтингісі бойынша 2016 жылы елдердің алғашқы отыздығына кіру міндетін алға қоямын, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында хабарлады.
«Үкімет пен Кәсіпкерлер палатасының жүргізіп жатқан бүкіл жұмысы Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу» рейтингісі бойынша бағаланады», - деді Н.Назарбаев.