Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.