Елбасы Британия-Қазақстан қоғамының төрағасымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Британия-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманмен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде тараптар «Астана клубының» отырысы барысында қозғалған Еуразия елдерінің дамуы тақырыбына қатысты пікір алысты.

«Сізге «Астана клубының» отырысына қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен осы жылдар ішінде Ұлыбританиямен өте жақсы қарым-қатынас орнаттым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Р.Гудман «Астана клубының» отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді кездесіп, талқылауға мүмкіндік жасалғаны үшін Елбасыға алғысын жеткізді.