Елбасы Бурабайда «Біржан-Сара» операсын тамашалады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Бурабай курортының аумағында, ашық аспан астында өткен композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының қойылымын  тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Басты партияларды халықаралық конкурстардың лауреаты М. Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М. Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж. Шыбықбаев, Д. Хамзина және С. Ахметова орындады.

Қоюшы-дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Мұхитдинов, қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Маемиров. 




 

Соңғы жаңалықтар