Елбасы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіне барды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Елбасы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің жұмысымен танысты. Бұл бөлімше маңызы жағынан БҰҰ жүйесіндегі екінші кеңсе болып саналады және 20 халықаралық ұйымның жұмысын үйлестіреді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Ұлттар Сарайын және ондағы «Қазақстан» залын аралап көрді. Қазақстан Президентінің шешіміне сәйкес 2013 жылы ашылған бұл көпфункционалды зал бүгінде БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтеріндегі техникалық жағынан барынша жабдықталған орынжай болып саналады.