Елбасы дәрі-дәрмек шығаратын ресейлік заводты көрді

None
АСТАНА. САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Ресей федерациясындағы жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Биокад» компаниясында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ресейдегі дәрі-дәрмек шығаратын толық циклды жетекші инновациялық компания - «Биокад» жабық акционерлік қоғамына барды.

Кәсіпорын клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде математикалық моделдеу қағидаттарын пайдаланады, ол дәрі-дәрмекті қолданудың тиімді тәсілін таңдау ықтималдылығын арттыруға мүмкіндік береді.