Елбасы Дін көшбасшылары кеңесі жанынан жаһандық проблемаларды еңсеру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы комиссия құруды ұсынды

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінің жабылу салтанатында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Дін көшбасшылары кеңесі жанынан жаһандық проблемаларды еңсеру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы комиссия құруды ұсынды.

«Болашақта Дін көшбасшылары кеңесі жанынан БҰҰ, барлық мүдделі органдар мен мемлекеттер үшін жаһандық проблемаларды еңсеру, жанжалдар деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлей алатын арнайы комиссия құру туралы мәселенің болашағы бар», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының пайымынша, діннің дүниетанымдық күші жанжалдарды ескеруде, кез келген қоғамдағы радикализмге төзімсіздікті тиюға жәрдемдесуден көрінеді.

«Сондықтан да біздің съезіміздің тәжірибесін ұлттық мемлекеттер деңгейінде, сонымен қатар  ғаламшардың әртүрлі нүктесін байқап отырған жоғары жанжал әлеуеті бар, бай этнодіни көптүрлілігімен ерекшеленетін әлемнің жекелеген өңірлеріне тарату маңызды», - деді Мемлекет басшысы.