«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен кейінгі алғашқы әсерді айтар болсақ, алдымен орнықтылықты, өз бағдарламасында аталған барлық бастамалардың өлшене айтылғанын аңғардым. Жариялаған бағдарлама өте терең әрі ең бастысы бейбітшілік пен келісімді сақтауға, Отанымызды гүлдендіріп, әрбір азаматтың өмірін жақсартуға бағытталып отыр. Президент бүкіл қоғамның диалогын қолдайды», - деді Владимир Божко Президентті ұлықтау рәсімінен кейін.
Оның пайымына қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдау - өте дұрыс шешім болған.
«Ең бастысы, Елбасы өте дұрыс шешім жасады. Заңды тұрғыда Конституцияға сүйене отырып, билікті берген кезде халықтан бұл бастама қолдау тапты. Нәтижені қараңыз. Біздің халқымыз ел өмірінде ең алдымен бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық болуы керектігін жақсы түсініп отыр. Осы негізде ғана ғылымды, экономиканы дамытып, медицина мен білімге төр беруге болады. Осы жолдан таймасақ, бұдан да жоғары деңгейде ілгерілейтініміз анық. Сол себепті, тұрақтылық орнаған еліміз үшін бәріміз қуануымыз керек. Әр азаматтың мүддесі ескеріліп, қазақстандықтар өмірінің жақсара түскенін сезе түсері анық», - деді спикер.
Божко өз халықпен жақындасу туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен жақындасу туралы бастамасына қолдау білдіретінін жеткізді.
«Басты мәселе - қоғаммен диалог құру. Өз азаматтарымыздың үнін тыңдай білуіміз керек. Кері байланыс болмаған жағдайда кез келген жүйеде мәселе туындайды. Президент маңызды мәселені атап өтті: қоғамды тыңдап, мәселелерді білу керек. Мемлекеттің құралдарын пайдалана отырып, азаматтардың проблемасын шешуге ұмтылған дұрыс», - деді Владимир Божко.
Айта кетсек, елордада жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысты.
Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.