Елбасы елде үш буынды сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес процессуалдық заңнамаға келтірілген, елімізде үш буынды сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.