«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп өркендеуіне, қарыштап дамуына үлкен үлесін қосты. Қазақстан Республикасының әлемге танылып, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуына көп еңбек етті. Дүниежүзін жайлаған қауіпті дерттің елімізді, қала берді Елбасын айналып өтпегені бізді алаңдатып отыр. Алладан сұрайық, ол кісі ертерек сауығып кетсін. Тезірек аяққа тұрып, еліміздің өркендеп, дамуына көп еңбек етеді деп сенейік. Қазақта айтады ғой «ауырып тұрдым, аунап тұрдым» деп, сол айтпақшы ертерек жазылып кетуіне тілектеспіз. Біз бүкіл ұжымымызбен ол кісіге аманшылық, деніне саулық тілейміз. Әлемге жеткен нәубет елімізді айналып өтсін, Елбасы бастап бұл қиыншылықтан да өтіп кетейік»,- дейді Серікжан Сейтжанов.
17:31, 18 Маусым 2020
Елбасы еліміздің өркендеп дамуына еңбек етеді деп сенеміз – кәсіпкер Серікжан Сейтжанов
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді. Қаладағы «Стандарт цемент» компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқы үшін әлі де көп еңбек ететініне сенімділігін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.