деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Концерттің алдында өткен салтанатты жиында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов барша әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ осы мерекелік шараға қатысқан Үкімет мүшелері де өздерінің құттықтауларын арнады.
Концерт бағдарламасында ҚР халық әртісі Әлібек Дінішев, Лаки Кесоглу, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев, «Ялла» ансамблінің әншісі Фарух Закиров, сондай-ақ халықарлық байқаулардың лауреаты Азамат Жылтыркөзов пен Игорь Благодарный өнер көрсетті. Кеште Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас», Д. Тухмановтың «Сибоней», «Клавелитос», Ш. Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» және «Ана туралы жыр», Қ. Шілдебаевтың «Жан ана», тағы басқа әндер орындалды.