Айта кетейік аталған форумға Финляндия Президенті Саули Ниинистё қатысты. Алдағы уақытта өтетін маңызды халықаралық оқиғалардың бірі - 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне байланысты. Бұл тұрғыда Қазақстанның энергетикалық әлеуетін ескере отырып, біз бұл көрменің тақырыбын «Болашақ энергиясы» деп атадық. Ол өз кезегінде энергия үнемдеу және баламалы энергия көздерін енгізу саласында жетістіктермен, сондай-ақ үздік идеялармен алмасуға мүмкіндік береді»,-деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында Қазақстан Президенті аталған халықаралық көрмеге финляндиялық компаниялардың қызығушылығы артып, барынша қатысатындығына сенім артты.