17:23, 24 Наурыз 2009
Елбасы Финляндияның жоғары ордендерімен марапатталды
ХЕЛЬСИНКИ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Финляндияға мемлекеттік сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің жоғары «Финляндияның Ақ Раушаны' және «Финляндия Арыстаны' ордендерімен марапатталды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл жоғары марапаттарды бүгін Хельсинкиде осы елдің басшысы Тарья Халонен ханым табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жоғары наградалар Қазақстан басшысына екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және халықаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан зор үлесі үшін беріліп отыр. Жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Н. Назарбаев бұл ордендермен марапатталу өзі үшін зор құрмет екенін айта келе, «Мен мұны біздің қарым-қатынасымыздың бұдан да жоғары болатынына берілген баға және аванс деп ойлаймын», деп атап көрсетті. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Тарья Халонен ханымды еліміздің «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.