Елбасы «Forte Bank» акционерлік қоғамында болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы банктің жаңа кеңселік орынжайларын көрді, сондай-ақ қаржы ұйымын одан әрі дамыту жөніндегі жоспармен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Forte Bank» АҚ құрылыс учаскесінің жалпы аумағы - 2 гектар. Бас ғимараттың инфрақұрылымына арт-галерея, VIP-бөлімше, WorkCafe, фитнес орталығы, аудитория және террасса кіреді. Филиал ғимаратында жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету аймағы, сондай-ақ банк қызметкерлеріне арналған кеңселер орналасқан.