Елбасы футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін өтіп жатқан матчты тамашалауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан өтіп жатқан ел Суперкубогы үшін ойынды тамашалауда.

Ақорданың Твиттер желісіндегі парақшасында хабарланғандай, Мемлекет басшысы футболдан Қазақстан Суперкубогы матчын тамашалау үшін «Астана Арена» стадионына келді.