Елбасы Ғ.Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағын берді
Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальонының взвод командирі (марқұм) Ғазиз Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл награданы Мемлекет басшысы Ғ.Байтасовтың зайыбы Гүлжамал Тәжиеваға тапсырды.
«Өзінің жанын аямай, басқа тараздықтарды аман алып қаламын деп, ол қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапты. Өзінің ұрпақтарының және басқа да полиция қызметкерлерінің есінде қалсын деп осындай шешім қабылдадым. Сол кезде опат болған өзге де азаматтарымыз өз марапаттарын алатын болады»,- деді Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, Ғ.Байтасов Тараз қаласында лаңкесті ұстау барысында ерлікпен қаза тапқан болатын.