Атап айтқанда, осы мәдени шара басталардың алдында «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері үш мың бес жүз орынға арналған концерт залына жиналған барша әйелдер қауымы өкілдеріне қызғалдақ гүлдерін сыйға тартты.
Қазақстанның үздік өнерпаздары қатысқан концертте бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген фильмдердегі танымал әндер шырқалды.
Концерт барысында Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі, «Япыр-ай» халық әні, «Ана туралы жыр» әні,сондай-ақ «Су тасушы қыз», «Сұлу қыз», «Қайдасың», «Астана», «Туған Ел» әндері орындалды.
Айта кетейік, концертке бүгін халықаралық әйелдер күніне орай Ақордада Президентпен кездесуде болған Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдері де келді. Олардың арасында көпбалалы аналар, бизнес өкілдері, әскерилер, ғалымдар, дәрігерлер, педагогтар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, журналистер бар.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, олардың барлық бастамаларына табыс, өздеріне мол шаттық тіледі. Елбасы іс-шара барысында көпбалалы ана А.Тоқпановаға «Алтын алқа» тапсырды.
17:20, 04 Наурыз 2016
Елбасы халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты салтанатты концертті тамашалады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған «Әлемнің жарығы» атты салтанатты концертті тамашалады.