Елбасы халықты дәрімен қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды
11:13, 08 Қаңтар 2019
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.