Елбасы халықты жұмыспен қамтуды дамытуға, жұмыссыздық деңгейін азайтуға жағдай жасауға бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА-АҚОРДА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасапЗаң халықты жұмыспен қамтуды дамытуға, жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыс уақытының толық емес режімінде жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қолдау үшін жағдай жасауға бағытталған. Заңның мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.