Елбасы халықтың зейнетақы жүйесін тез арада жаңғыртуға дайын еместігін білді - Б.Ахметжанова

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы халықтың зейнетақы жүйесін тез арада жаңғыртуға дайын еместігін сезді, деп санайды Астананың коммерциялық емес ұйымдары форумының президенті Баян Ахметжанова.

«Мен, Президент зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі заң жобасын тыңғылықты әзірлеу үшін қайтара отырып, дұрыс қадам жасады деп санаймын. Қазірі зейнетақы жүйесін жаңартудың бірінші толқыны басталды, әрі көптеген консультациялар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен адамдар мұндай өзгерістерге дайын емес. Сонымен қатар бұл зейнетке әне-міне шығамын деп отырған адамдар үшін тосын болғаны рас. Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасын көтеру мерзімін өзгертті, бұл аралықта адамдар аталған өзгерістерге дайын болып үлгереді», - деді ол.

Б.Ахметжанова Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытындағы бастамаларына да қолдау білдіретіндігін атап өтті. «Президенттің бастамасы, оның Үкіметке берген тапсырмалары көкейге өте қонымды болды», - деді ол.