Ұйымдастырушыардың айтуынша, орталық алындағы алаңда театрландырылған көрініс қойылады. Астана тұрғындары мен қонақтар алдында атақты опера әншісі Андреа Бочелли ән шырқайды. «Хан Шатыры» ашылуына қатысушылар «Алтын адамның" сөзін тыңдайды. Бағдарлама иллюминациялық шоумен және мерекелік отшашумен аяқталады.
«Хан Шатыры» белгілі ағылшын сәулетшісі Норман фостердің жобасы. Ол елорданың маңызды қалалық нысандарының бірі болмақ.