Елбасы Илья Ильинмен кездесті
20:46, 13 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралау барысында ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Илья Ильинмен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
Мемлекет басшысы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралау барысында ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Илья Ильинмен әңгімелесті. Астана қаласы В ходе посещения национально-культурного комплекса «Этноаул» Глава государства побеседовал с казахстанским тяжелоатлетом Ильей Ильиным
A post shared by AkordaPress (@akordapress) on Aug 13, 2017 at 5:22am PDT
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.