«Жұмысқа кіріспес бұрын, соңғы алты жылда атқарған жұмыстары үшін Әсет Өрентайұлына ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жылдар ішінде ауқымды шаралар атқарылды. Ә. Исекешев Қазақстандағы индустрияландыруды енгізудің пионері болды. Әлемнің барлық индустрияланған мемлекеттерін аралап шықты. Біздің осы бағыттағы шарттарымызды әлем де біле бастады. Әрине, кемшіліктер болмады деп айта алмаймыз. Дегенмен, ең бастысы бағдарлама іске қосылды, біз оны ары қарай жалғастыруымыз керек», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Президент Ә.Исекешевке өзінің тәжірбесін еліміздің Астанасын дамытуға жұмсайтынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Елбасы Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалған жаңа министрді де құттықтады.
«Жеңіс Қасымбек Исекешевпен бірге жұмыстар атқарды. Тәжірибесі баршылық, жас әрі жігерлі. Ол осыған дейінгі барлық кемшіліктерді екшеп, жаңа жұмыстарға тың серпін береді деп сенеміз», - деді Н. Назарбаев.