«Жалпы еліміздің индустрияландыру ісінде бастама жаман болған жоқ. Қазір индустрияландырудың екінші бесжылдық кезеңін қалыптастыру жұмыстары қолға алынуда. Бірінші бесжылдық тәжірибесін ескере отырып, біздің алдағы қадамдарымыз нақты есептеліп, екшелген болуы керек. Екінші бесжылдықтың міндеттерін, жоспарларын даярлау барысында сапаға, тиімділікке, жоспарлардың бір бірімен байланыстылығына баса мән беруге тиіспіз. Үкімет ішкі, сыртқы және мемлекеттік инвестиция тартудағы нақты жоспары болуы шарт», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екінші бесжылдыққа енетін әрбір жоба барлық критерийлер терең зерделенуі тиістігін атап өтті. «Индустрияландыру бағдарламасының келесі бесжылдығы бірқатар өңдеуші саланың нақты міндеттерін шешуі керек», - деді Н. Назарбаев.