Елбасы инвестиция тартумен айналысатын шетелдік маман қажет деп санайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан маңызды міндет ретінде үдемелі индустрияландыру бағытын жүргізе береді. Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан маңызды міндет ретінде үдемелі индустрияландыру бағытын жүргізе беретін болады. Бұл -Инвестициялар және даму министрлігінің негізгі жауапты міндеті. Сауда бір министрлікте, инвестициялар екіншісінде болып отыр. Мен өткен жылы бірнеше елде Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінде болдым. Барлық жерде бұл елдердің бизнес капитандарымен кездестім. Ең үздіктерімен», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мәселен, Қазақстан Президентінің атап өтуінше, Вашингтонда құны 10 трлн. долларды құрайтын компаниялардың басшылары кездесуге келген. Ал бұл қаржы АҚШ-тың бүкіл экономикасына пара-пар.

«Олардың барлығы да Қазақстанға қызығушылық танытуда. Біреу әрбір компания артынан жүріп, осында тарту қажет. Дұрыс жұмыс істей алатын елдер солай жасайды. Ал бізде бұл жоқ. Біз мұнымен нақты кім айналысатындығын анықтауға тиіспіз. Қай ведомство? Бізде сөйлесе алатын тарта алатын мұндай адамдар бар ма? Егер болмаса, онда олардың орнына ақша төлеп, шетелдіктерді қою керек», - деді Назарбаев.