«Біз қазақстандық қамту мәселесін дер кезінде көтеріп, оны қолға алдық. Алайда, өткен жылдың өзінде мемлекеттік органдардың сатып алу ауқымы көтерілудің орнына, 5 пайызға төмендеп кетті. Мәселен, мынадай сандар бар: «ТеңізШевройл» бойынша қазақстандық қамту 4 пайыздан астамға, «Қашаған» жобасында 2 пайыз, Ақтөбемұнайгаз - 1,4 пайызға төмендеген, тізімді одан әрі жалғастырмай-ақ қояйын. Мен олардың жекеменшік болғанына қарамастан осы компаниялар басшыларына тағы да қайталап айтқым келеді, олар ел Президентінің талабы мен заңнамадан асып ешқайда кете алмайды. Осы компаниялармен жұмыс жасайтын министрлер мен әкімдердің де назарын осыған аударғым келеді», - дейді Елбасы. Бұл ретте Президент Үкіметтің аталған мәселеге жіті назар аударуы тиістігін, егер қажет болса заңнамаға тиіс өзгерістер енгізуі керектігін атап өтті.
«Егер қажет болса, бұл мәселеде заңнамалық тетіктерді де қарастырамыз», - деді Н. Назарбаев.