деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қарағанды облысының әкімі лауазымына мен Мәслихат депутаттарына және облыс халқына Премьер-Министрдің орынбасары Серік Нығметұлы Ахметовтың кандидатурасын ұсынып отырмын. Ол Қарағанды облысынан тәрбиеленіп шықты. Өзіне сеніп тапсырылған барлық учаскеде жақсы жұмыстарын көрсете білді, табыстарға жетті. Қарағанды облысының ел үшін маңызы зор өңір. Оған еңбекте ысылмаған адамды жібере алмаймыз. С. Ахметов еліміз үшін маңызы зор облысты жақсы басқарады деп үміттенемін», деді Президент.