«Сайлаудан кейін бүгін жұмыс бірден жалғасып жатыр. Бәлкім, менің ең бірінші қол қоятын актім 5 институционалдық реформаға қатысты комиссияны құру туралы болатын шығар. Біз осы мәселеге бірден кірісеміз, әр пунктімен жеке-жеке жұмыстар атқарамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы өткен сайлауда қазақстандықтардың басым бөлігі елдік дамудың айқындалғанын бағытына қолдау білдіргенін атап өтті.
«Мен барлық бағдарламаларды сайлауға дейін жариялаған болатынмын. Үкімет отырысында, «Нұр Отан» партиясының съезінде, Ассамблея сессиясында бұның бәрі талқылады. Мұның бәрін жұрт қолдап отыр. Ендеше, халық маған «өзіңнің бастаған ісіңді аяқта» деп бұйыратын секілді сезінемін. Яғни, біз елімізде тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, жұртшылықтың жағдайын жасау. Әрине, дағдарыстың туындауы сайлау үшін де, мегажобаларды жүзеге асыру үшін де жақсы кезең емес. Десе де, Қазақстан мұндай дағдарыстың барлығын жақсы еңсеріп шықты, бұл жолы да жүрісімізден жаңылмаспыз», - деді Мемлекет басшысы.