Елбасы «ҚазАгро» холдингінің жұмысын сынады
17:20, 11 Қазан 2013
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада еліміздің өткен 9 айының даму қорытындыларына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазАгро» холдингінің жұмысын сынады.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, облыстық және аудандық маңыздағы 91 қалада «ҚазАгро» холдингінің бірде-бір жобасы жүзеге асырылмаған. Ұлттық компания іске асырған 208 жобаның ішінде 53 кәсіпорын тоқтап тұр, ал 19-ы 60 пайыздан кем деңгейдегі қуатпен жұмыс істеуде.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі қайда қарап отыр?!» -деді Н. Назарбаев АШМ басшысы Асылжан Мамытбековке қаратып айтқан сөзінде.