«Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды.
Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Ал Қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді», - деді Елбасы.
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады.