15:23, 08 Маусым 2009
Елбасы Қазақстан экономикасындағы оң үдерістерді бағалап отыр
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан экономикасында оң үдерістер байқалып отыр. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен кеңесте атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықтың ақшалай табысы нақты мағынада 4 пайыза өскеніне тоқталған Елбасы, «атап айтқанда, теңгенің девальвациясына қарамастан инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуі байқалып отыр. 5 айдың ішінде инфляция деңгейі 2,8 пайызды құрады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша төлем балансының жалпы сальдосы тапшылықпен қалыптасқанымен, алайда қазіргі кезде теңдестірілді. Бұл жақсы көрсеткіш», - деді Елбасы.
Президенттің айтуынша, «халықаралық резервтердің көлемі тұрақты деңгейде сақталып, бүгінде 43 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Коммерциялық банктердің ссудалық қоржыны да бұрынғы деңгейінде сақталуда. Экономиканың несие көлемі мамырдың 1-індегі жағдай бойынша 8,1 триллион теңгені құрап, 8,5 пайызға артты».