Елбасы Қазақстан мен Беларусь азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.