Елбасы Қазақстан мен Норвегия арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялады
15:37, 29 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Норвегия арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді
ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.