Елбасы: Қазақстан мен Ресей Еуропа мен Азия арасында көлік-логистикалық инфрақұрылым құруды көздейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің өзара мүддесі - Еуропа мен Азия арасында қуатты көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біздің мемлекеттеріміздің өзара мүддесі Еуропа мен Азия арасында қуатты көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру кеңістігінде жатыр. Біз осы күндері мұны талқыладық деп ойлаймын. Бұл бағытта Ресей мен Қазақстан үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз өзіміздің аумағымызда Батыстан Шығысқа, Солтүстіктен Оңтүстікке қарата көлік дәлізін қалыптастырдық», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің айтуынша, Қытайдан Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға, Каспий теңізі арқылы Кавказ бен Түркияға өтетін жаңа бағдарлар жүктерді жеткізу уақытын дәстүрлі теңіз жолымен салыстырғанда екі есеге қысқартады.

«Ресейден Қазақстан арқылы Түркіменстанға, Парсы шығанағына шығатын тағы бір жаңа бағдар пайда болды. Бұл Таяу Шығысқа көліктің бір түрінен екіншісіне ауыстырылмастан жететін өтпелі темір жолы. Сібір мен Оралдан жүкті Таяу Шығыс елдеріне жеткізу уақыты 4 тәулікке қысқарды. Мұндай мүмкіншілік бұрын болмаған еді», - деді Н.Назарбаев.