Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Сочи қаласына барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласына барды. Сапар аясында Елбасы Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Форумның негізгі тақырыбы - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Ресей Президенті В.Путинмен, сондай-ақ Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездесулер жоспарланған.