Елбасы «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды

АСТАНА. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік - Батыс автокөлік жолдарын дамыту жобасы: 'Батыс Еуропа - Батыс Қытай' халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды   ҚазАқпарат  Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме  жасап.

Заңның  мәтіні    баспасөз бетінде   жарияланады.