«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз. Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!», - делінген құттықтауда.
11:53, 02 Сәуір 2022
Елбасы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.