«Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір кинорежиссерге «байлық бақыт болып санала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Өзімде және өзгелерде бар бүкіл байлықты мен халқымның бір күндік тәуелсіздігіне берер едім», - деп жауап қатыпты. Сондықтан біздің баршамызға тәуелсіздігімізді бағалаған жөн», - деді Қазақстан Президенті.